Windows Update жаңартуларын орнату тапсырмасын жасау

Барлығын жаю | Барлығын жию

Windows Update жаңартуларын орнату тапсырмасы Windows Update қызметі ұсынатын бағдарламалық жасақтама жаңартуларын басқарылатын құрылғыларға орнатуға мүмкіндік береді.

Осалдықтар мен патчтарды басқаруға арналған лицензияңыз болмаса, сіз Windows Update жаңартуларын орнату түріндегі тапсырмаларды жасай аласыз. Жаңа жаңартуларды орнату үшін, оларды қолданыстағы Windows Update жаңартуларын орнату тапсырмасына қоса аласыз. Windows Update жаңартуларын орнату тапсырмасы орнына Қажетті жаңартуларды орнату және осалдықтарды түзету тапсырмасын қолдану ұсынылады. Қажетті жаңартуларды орнату және осалдықтарды түзету тапсырмасы автоматты түрде бірнеше жаңартуды орнатуға және белгіленген ережелерге сәйкес бірнеше осалдықты түзетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл тапсырма үшінші тарап бағдарламалары, яғни Microsoft емес өндіріс бағдарламалары үшін жаңартуларды орнатуға мүмкіндік береді.

Пайдаланушының араласуы үшінші тарап бағдарламаларын жаңарту кезінде немесе басқарылатын құрылғыдағы үшінші тарап бағдарламаларында осалдықтарды түзету кезінде қажет болуы мүмкін. Мысалы, пайдаланушыдан үшінші тарап бағдарламасын жабу сұралуы мүмкін.

Windows Update жаңартуларын орнату тапсырмасын жасау үшін:

  1. Бағдарламаның негізгі терезесінде Құрылғылар → Тапсырмалар бөліміне өтіңіз.
  2. Қосу түймесін басыңыз.

    Жаңа тапсырма жасау шебері іске қосылады. Шебердің жұмысын жалғастыру үшін Келесі түймесін басыңыз.

  3. Kaspersky Security Center бағдарламасы үшін Windows Update жаңартуларын орнату тапсырма түрін таңдаңыз.
  4. Жасап жатқан тапсырманың атын көрсетіңіз.

    Тапсырма атауы 100 таңбадан асуы және арнайы таңбаларды ("*<>?\:|) қамтуы мүмкін емес.

  5. Тапсырмалар тағайындалатын құрылғыларды таңдаңыз.
  6. Қосу түймесін басыңыз.

    Жаңартулар тізімі ашылады.

  7. Орнатқыңыз келетін Windows Update жаңартуларын таңдаңыз және OK түймесін басыңыз.
  8. Операциялық жүйені қайта іске қосу параметрлерін көрсетіңіз:
    • Құрылғыны қайта іске қоспау
    • Құрылғыны қайта іске қосу
    • Пайдаланушыдан әрекетті орындауды сұрау
    • Сұрауды қайталау жиілігі (мин)
    • Келесі уақыттан кейін қайта іске қосу (мин)
    • Бұғатталған сеанстардағы бағдарламалардың мәжбүрлі жабылуы
  9. Есептік жазба параметрлерін белгілеңіз:
    • Әдепкі есептік жазба
    • Есептік жазбаны көрсету
    • Есептік жазба
    • Құпиясөз
  10. Жасап болған соң, тапсырма туралы мәліметтерді ашу бетінде Тапсырманы жасауды аяқтау параметрін қоссаңыз, әдепкі бойынша белгіленген тапсырма параметрлері мәндерін өзгерте аласыз. Егер сіз бұл параметрді қоспасаңыз, тапсырма әдепкі бойынша белгіленген параметр мәндерімен жасалады. Әдепкі бойынша параметр мәндерін кейінірек кез келген уақытта өзгертуге болады.
  11. Аяқтау түймесін басыңыз.

    Тапсырма жасалып, тапсырмалар тізімінде көрсетіледі.

  12. Тапсырма сипаттары терезесін ашу үшін жасалған тапсырманың атын басыңыз.
  13. Тапсырма сипаттары терезесінде өзіңіздің талаптарыңызға сай тапсырманың жалпы параметрлерін көрсетіңіз.
  14. Сақтау түймесін басыңыз.

Тапсырма жасалды және конфигурацияланды.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Үшінші тарап бағдарламаларын жаңарту

Kaspersky Security Center лицензиялау нұсқалары

Қажетті жаңартуларды орнату және осалдықтарды түзету тапсырмасын жасау

Үшінші тарап бағдарламаларының қолжетімді жаңартулары туралы ақпаратты қарау

Үшінші тарап бағдарламаларының жаңартулары туралы

Басына оралу